KZ
Өскемен
+2°
небольшой дождь жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Абайдың тұңғыш биографына арналған кеш

6.04.2015, 18:00 219



Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында сәуір айының 3 күні «Алаштың Әлиханы» атты танымдық кеш өтті.

Кештің негізгі мақсаты көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, жалынды публицист, ғұлама ғалым, әрі шебер аудармашы- Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдағы ролін, қызметін жан-жақты терең зерттеу, тану, таныту, келешек жас ұрпаққа насихаттау болып табылады.

Өткен XX ғасырда ұлтымыз талай қилы кезеңдерден, тарихи сындардан өтті. Бірнеше саяси репрессияны бастан кешірді.
Мыңдаған адал, ақылды, талантты адамдар, ғалымдар, қарапайым азаматтар жазықсыз жапа шекті.

Солардың бірі көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, жалынды публицист, ғұлама ғалым, әрі шебер аудармашы- Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов болды.

Әлихан Бөкейханов қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріскен бірден бір тұлға болып табылады. Бүкіл саналы ғұмырын қазақ халқының ұлттық саяси бостандығы мен дербестігі үшін арналған аяулы ұлы тұлғамыз.

Абайдың тұңғыш биографына арналған кеш

«Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық қызметі» тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің оқытушысы Ф.Қайырханова, «Әлихан Бөкейхановтың Абайтануға қосқан үлесі» тақырыбында Абай мұражайы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева баяндама оқыды.

Сондай-ақ кеш барысында қаламыздағы өнер ошақтарының әншілері - Г.Еруова, Б.Тойымбаева, М.Сыдықов, куйші Р.Азаматова т.б. өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті.

Кешке қаламыздың зиялы қауымы, мұражай қызметкерлері, әдебиет сүйер қауым қатысты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив