KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

LED-экран мен демалыс алаңын сыйға тартты

21.12.2014, 18:00 289



Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Бұқтырма цемент компаниясы» ШҚО Зырян ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғындарына екі үлкен сый жасады. Кенттің орталығына LED-экран орнатып, демалыс алаңқайын жайластырып берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Құны жеті жарым миллион теңге болатын екіжақты LED-экран жергілікті әкімдіктің иелігіне берілген. Әзірге бағалы сыйлық іске қосылған жоқ. Кент басшылығы оған ақпарат жүктейтін арнайы бағдарламаны орнататын маманды іздестіруде.

- Бұл үлкен экранды ақпараттықкөрнекі құрал ретінде пайдаланамыз. Кәсіпкерлерден жарнама, жеке адамдардан құттықтаулар қабылдайтын боламыз. Ең бастысы, онда тұрғындар үшін пайдалы әлеуметтік роликтер мен мәліметтер таратылады, - дейді Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі Жанат солменбаева.

Компания тарту еткен екінші сыйлық - демалыс алаңқайы балалар спорт мектебінің аумағында орналасқан. Ол жерде балалар мен үлкендерге арналған спорт құралдары, скейт-жолдар бар. Мұндай жомарттыққа кент тұрғындары дән риза.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив