KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов қазақ күресінен әлем чемпиондары атанды

8.12.2014, 18:00 204



Орынбор қаласында өткен қазақ күресінен Әлем чемпионатында балуандарымыз Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов жеңіс тұғырынан көрінді. Төл спорт түрінен қарсылас шақ келтірмеген Шығыс Қазақстан облысының қос мықтысын төрткүл дүние жұрты тағы бір мәрте мойындады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Айта кету керек, биыл бесінші рет ұйымдастырылған біріншілікке Қазақстан мен Ресейден бөлек, Түркия, Қытай, Үндістан, Франция, Австрия, Венгрия, Германия, Греция сияқты әлемнің жиырмадан астам елінен бозкілем шеберлері қатысты.

Абсолют салмақ дәрежесінде белдескен биылғы «Қазақстан Барысы» һәм әлем чемпионы Мұхит Тұрсынов ақтық сында тәжік балуаны Комроншах Усторипионмен күресіп, аталған спорт түрінен кімнің мықты екенін дәлелдеді. Финалға дейінгі белдесулерде Мұхит неміс, қырғыз және армян балуандарын тізе бүктірген болатын.

Мақтауға тұрарлық екінші жеңісті халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Нұғымаров әперді. Аса ауыр салмақта (+90) сынға түскен қасиетті Абай елінің тумасы барлық қарсыластарын шетінен ұтып, жанкүйерлер мерейін тасытты. Осы жеңісінің арқасында Айбек қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив