KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Қарауылда қазақ күресінің мерейі тасыды

18.03.2012, 18:00 239


Жақында Қарауыл ауылында қазақ күресінен облыс біріншілігі өтті. Жарысқа облыс аудандары мен қалаларынан 120-дан астам балуан қатысты.

Үш күнге созылған тартысты бәсекеде өз салмақтары бойынша Айдос Сейпілұлы (Абай), Қуаныш Ысқақов (Абай), Әсет Оралбеков (Семей), Ербол Мырзабосынов (Семей), Мереке Тұрашев (Абай), Мұхит Тұрсынов (Абай), Айбек Нұғымаров (Абай) жеңімпаз атанып, марапатталды. Семейлік Еркебұлан Сапарғали түйе балуан атанды.
Облыстық біріншілікке Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші Шыңғыс Тұрсынов бас төрешілік етті. Жарыс жеңімпаздары облыс құрама командасына қабылданды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив