KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 5 м/с, З
441.8 480.02 4.88

Ауа райына байланысты сабақтан босатудың жаңа ережелері бекітілді

4.12.2014, 18:00 82



Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мен ТЖ қызметі оқушыларды ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтан босатудың жаңа нормативін бекітті. Жаңа ережелерге енген өзгертулер негізінен күн райының желді-желсіз болуына қатысты болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Егер бұған дейін бастауыш сынып оқушылары -28 градус аязда, желсіз күні сабақтан қалмау керек болса, жаңа ережелерге сай енді оқудан босатылады.

ШҚО білім басқармасы берген жаңа ережелердің кестесі төмендегідей.

Желдің жылдамдығы 2 м/с дейін болса:

-28 градус және төмен - 1-4 сыныптар
-32 градус және төмен - 1-9 сыныптар
-34 градус және төмен - 1-11 сыныптар, кәсіптік лицейлер, колледждер оқушылары сабақтан босатылады.

Желдің жылдамдығы 2 м/с артық болса:

-25 градус және төмен - 1-4 сыныптар
-27 градус және төмен - 1-9 сыныптар
-29 градус және төмен - 1-11, сыныптар кәсіптік лицейлер, колледждер оқушылары сабақтан босатылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив