KZ
Өскемен
+4°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, В
488.26 530.54 5.03

«Серпін-2050» штабы құрылды

22.06.2014, 18:00 69



«Мәңгілік ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасына сәйкес Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде салтанатты түрде «Серпін-2050» штабы құрылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Енді осы жоба аясында оңтүстік өңірлерден 150 талапкерді мемлекеттік бағдарламаның кепілдікті квотасы бойынша оқуға қабылдайды. Білім және ғылым министрлігінің шешімімен мамандықтардың тізімі де белгіленіп қойды. Тізімге университеттің алты факультетінде оқытылатын 15 педагогикалық мамандықтар кіреді.

- «Серпіл қазақ, серпілетін кез келді» атты ұранмен «Серпін-2050» облыстық штабын ашып отырмыз. Бұл штабтың мақсаты - оңтүстік өңірлерден талапкерлерді жоғары оқу орындарына және колледждерге тарту. Ашылған штабтың мүшелері қаламызға келген талапкерлерге жол көрсетіп, көмектесіп отырады, - дейді университеттің проректоры Анар Мырзағалиева.

Еліміз бойынша өңірімізде тұңғыш ашылған «Серпін-2050» штабында 16 адам және белсенді жастар жұмыс істейтін болады. Штабтың алғашқы отырысы өтіп, алға қойылған жоспарлары талқыланды. Жиында өзге облыстан келген студенттерге медициналық көмек көрсету мәселелері де сөз болды. Ерекше айта кетерлігі, оқуға келген студенттер жатақханамен қамтамасыз етіліп, оқу орындарын тәмамдағаннан кейін жұмыс орындары да ұсынылады. Ал штаб мүшелері талапкерлерді қабылдауға дайын.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив