KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Мұражай түнінде суретшілер айтысқа шықты

16.05.2014, 18:00 299



Халықаралық мұражайлар күні қарсаңында, өткен жұма күні Шығыс Қазақстан өнер мұражайы «Мұражайдағы жұпаргүлді түн» атты көңілді демалыс кешін өткізді. Мұражай қызметкерлері жылдағыдан ерекшелеу өткізген биылғы кешке мамыр айындағы тамаша оқиғалардың бірі – жұпаргүлдің гүлдеуін таңдап, «суретшілер айтысын» ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Бұл кеште суретші Виктор Ляпуновтың тек жұпаргүл тақырыбына арналған көркемсуреттік жұмыстарының жаңа көрмесі ашылды. Мұражайда өткізілген шағын көрме-сатылымға қойылған Ирина Шальневаның өз қолымен жасаған бижутериялық әдемі әшекейлері мен Ольга Полторанинаның көздің жауын алардай тоқыма бұйымдары көрермендердің қызығушылығын туғызып, келушілердің біразы оларды сатып алып жатты. . Мұражай залдарыныңың бірінде келушілер кәсіби суретшілер Виктор Сачков пен Светлана Лыковаға өздерінің портреттерін, әзіл суреттерін сол жерде қолма-қол салдырып жатты.

Мұражай түнінде суретшілер айтысқа шықты

Көп білуге құмар қонақтар үшін ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ аға оқытушысы Л.Осипованың жетекшілігімен оның студенттері К.Никифорова мен А.Горячева «Барлығы жұпаргүл туралы» деген тақырыпта мазмұнды да қызықты дәріс оқыды.

Әрине, кеш бағдарламасының ең қызықты кульминациясы «Жұпаргүл сағаты» деп аталған АРТ-айтыс, яғни суретшілердің «айтысы» болды. Бір сағат аралығында Н. П.Аштема, В.И.Ляпунов сынды танымал суретшілер мен олардың шәкірттері көрермендердің көз алдында жұпаргүл шоғына қарап отырып, оның суретін салды. Акварель, пастель, қарындаш сияқты сурет салу техникасын суретшілердің өздері таңдады. Мұражай маманы Л.И.Мартынованың жұмыстардың колористикасы мен басқа да нәзік жақтары туралы білікті түсініктемесі көрермендерге көп мәлімет беріп, айтысқа қатысушылардың жұмыстарын бағалауға елеулі көмек болды.

АРТ-айтыстың финалы аукционға ұласты: айтыстың ережесі бойынша көрермендер теңгемен дауыс беруі керек болатын – кімнің жұмысы қымбатырақ бағаланса, сол жеңімпаз болып табылады. Сонымен, аукцион арқылы саудаға түскен тоғыз жұмыстың ішіндегі ең қымбатқа – 10 мың теңгеге өткен «Жұпаргүлді әйел» деген әдемі еңбектің авторы – суретші Виктор Ляпунов айтыстың жеңімпазы болып танылып, арнайы дипломмен марапатталды. Өңірімізде алғаш рет өткізіліп отырған бұл қызғылықты шараға қатысушылардың барлығы да өнер мұражайы әкімшілігінің Грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды.

Көңілді кештің соңы қаладағы бард әндерін орындаушылардың «Жұпаргүл-- сіздер үшін» деп аталатын концертіне ұласты. Концертті ерекше конферансье – жұпаргүлдің екі шоқ бұтасы жүргізді.

Айтмұхамбет Қасымов
Мәлімет көзі: Altaynews.kz.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив