KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Жұмыс орындарын ашуға 50 миллион теңге бөлінді Бесқарағай ауданында

15.05.2014, 18:00 118


Бесқарағай ауданында кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының 20 қатысушысына 50 миллион теңге бөлініп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауданда аталмыш бағдарлама табысты іске асырылуда. Бағдарлама жұмыссыздықпен күресуге, қажетті мамандарды оқытуға ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға да ықпал етеді. Ауданнан осы бағдарламаға қатысуға 148 адам ниет білдірген, олардың 145-імен әлеуметтік шарт жасалған. Әлеуметтік шарт жасасқан 26 тұрғын – өзін-өзі жұмыспен қамтушы, 119-ы – жұмыссыз.

Жұмыс орындарын құру үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 20 бағдаралама қатысушысына 50 миллион теңге берілген. Мұнымен қоса, бағдарлама аясында облыстағы 24 білім беру мекемесінде кәсіби оқыту жүргізіледі. Өткен жылдары оқуға жіберілгендердің 67-сі биыл курстарын бітіреді. Ағымдағы жылы 45 адам оқытуға жөнелтіледі, олардың 15-і кәсіби оқытуға, 15-і «мал дәрігерлік санитар» мамандығы бойынша қайта даярлауға, 15-і біліктілік көтеруге бағытталған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив