KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Ұландық жұмыс берушілер бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға дайын

19.03.2013, 18:00 227


ШҚО Ұлан ауданында жұртты еңбекке тартуда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы көп пайдасын тигізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Елбасының Жолдауында айтылған міндеттерді орындау мақсатында аудандағы жұмыссыз және аз қамтылған тұрғындарды еңбекке тарту және жұмысшылардың табысын жоғарылату бағытында айтарлықтай шаруа атқарылуда. Қазір ауданда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының төрт бағыты бойынша жұмыс жүргізіліп келеді.

Биыл бекітілген жоспарға сәйкес, бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарындағы 56 адамға 14 млн. 103 мың теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілмек.

Сонымен қатар, ақпан айынан бастап әлеуметтік жұмыс орындарына 10 адам жіберілген екен. Қазір олар Айыртау ауылындағы «№3 нан зауыты» ЖШС-інде еңбек етуде.

Аудан көлемінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін 39 жұмыс беруші тапсырыстарын беріпті. Олардың қатарында 27 шаруа қожалығы, 10 жеке кәсіпкер және «Ұлан» кәсіптік лицейі бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив