KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, З
481.19 538.45 5.18

Көкпектіде келісім-шарт бойынша 64 адам жұмыспен қамтылды

11.11.2012, 18:00 196


Көкпекті ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанынан ашылған «Жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесі біршама істердің басын қайыруда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жұмыссыз, өз бетімен жұмыспен қамтылған, аз қамтамасыз етілген тұрғындардан 113 азамат іріктеліп алынды. Қайта даярлауға Үлкенбөкен және Самар техникалық колледждерімен келісім-шарт жасалды. Олар тракторист, дәнекерлеуші, сатушы, есепші, краншы, стропальшы, ЭВМ операторы, экскаваторшы мамандықтары бойынша оқуға жіберіліп, бүгінгі күні курсты аяқтаған 75 тұрғын жұмыспен қамтылды. Бірінші бағыт бойынша білім алушылардың барлығына 12600 теңге көлемінде шәкіртақы алады.

«Жұмыспен қамту орталығының» маманы Фируза Балтабаева бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жүйелі жұмыс атқарылғанын айтады. Келесі жылы мемлекеттік бағдарлама игілігін көруге ниет білдіруші жастар саны одан да арта түсер деген үлкен сенім бар. Бүгінгі күні мемлекеттік тапсырыс бойынша Самар аграрлық-техникалық колледжінде 60 адам білім алуда. Білім алушылар омарташы, дәнекерлеуші, электр дәнекерлеушісі мамандықтарын 3 ай мерзімде алып шығады.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруда ауданның он сегіз шаруа шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, ЖШС-мен келісім-шарт жасасып, бұл бағытта 13 миллион теңге қаражат жұмсалды. Әлеуметтік келісім-шарт бойынша 64 адам жұмыспен қамтылды, ал жоспар бойынша 50 адам болған екен.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив