KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Жас ақындар мүшайрасы өтті

5.05.2014, 18:00 255



«Жастар мәңгілік елді жырлайды». Осындай атаумен Шәкәрім университеті шаңырағында жас ақындар мүшайрасы өтті. Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Семей жастар Ассамблеясы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен жыр додасына шаһардағы мемлекеттік Медицина университеті, Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университеті, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж, Шәкәрім университеті сынды іргелі оқу орындарынан 16 жас ақын қатысып, өзара бақ сынасты.

Еңселі еліміздің егемендігін жырға қосып, жастар арасында ақындық өнерді дәріптеу, жас өрен ақындарға қолдау көрсетуді мақсат еткен мүшайрада қатысушылар екі кезең бойынша сынға түсті.

Ақындар мүшайрасыАқындар мүшайрасы

«Арман еткен еліммен мақтанамын» атты бірінші кезеңде ақындар ел тәуелсіздігіне арнап жазған өлеңдерін оқыса, екіншісінде еркін тақырыптағы жырларын паш етті.

Мүшайра қорытындысы бойынша ҚазИГЗУ студенті Медет Божан 3-ші орынға ие болса, 2-ші орынды жас ақын Жасұлан Мақаев, педагогикалық колледждің өрені Біржан Ахмер және Медицина университетінің ақыны Серікболат Секей бөлісті. Ал, 1-ші орынды М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжден келген Меруерт Алмас пен Шәкәрім университетінің студенті Манарбек Сатыбалдин еншіледі. Әділқазылар алқасының ұйғарымы бойынша Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенті, дарынды жас ақын Қуаныш Нұржанов қанжығасын Бас жүлдемен майлады.

Жібек Серғазы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив