Өскемендік фристайлшы Юлия Галышеваға қалталы азаматтар сыйақы жасамақшы, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Сочиге қазақстандық делегацияны бастап барған Спорт және денешынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов судьялар Галышеваға қиянат жасағанын мәлімдеген еді. – Бұл ешқандай ресми сыйақы емес, бұл – демеушілердің спортшыға деген ризашылығынан туындап отырған қаржылай көмектер. Өкінішке қарай, спортшымыз могул жарысы бойынша 7-ші орынға тұрақтады, біз ресми түрде алтыншы орынға дейін ғана ресми сыйақы төлей аламыз. Галышеваға жеке демеушілік жасағалы отырған азаматтарға алғысымыз шексіз, – дейді Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев.
Естеріңізге сала кетейік, Галышеваның үздік алтылықтың қатарына кіруіне бар-жоғы 0,003 балл ғана жетпей қалған болатын.
Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz