KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
477.62 527.67 5.25

Юлия Галышева үшін жаңа маусым сәтті басталды

8.12.2018, 15:55 153


Финляндияның Рука қаласында фристайлдың могул түрінен өткен Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Юлия Галышева күміс медаль иеленді. 


Сайыстың финалында жерлесіміз 81,48 ұпайға қол жеткізіп, жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Ал бірінші орынға франциялық Перрин Лаффон жайғасты. Ол 82,26 ұпай жинады. Үздік үштікті америкалық Тесс Джонсон қорытындылады. Айта кетейік, аталған додада өскемендік жас фристайлшы Аяулым Әміренова да бақ сынап, бұл жолы 31-ші орынға табан тіреді.


Сондай-ақ Рукада бұл күндері ерлер арасындағы сайыстар да өткен болатын. Аталмыш сынға қатысқан тағы бір жерлесіміз, өскемендік Дмитрий Рейхерд жарыс қорытындысы бойынша бесінші нәтиже көрсетті.


Естеріңізге салайық, Юлия Галышева осыдан біраз бұрын қысқы спорт түрлері бойынша еліміздегі 2018 жылдың үздік спортшысы атанған-ды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив