KZ
Өскемен
пасмурно жел 7 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Сочи Олимпиадасына қатысушы Галина Вишневскаяға студенттер жеңіс тіледі

6.02.2014, 18:00 202



Міне, көптен күткен, бүкіл әлем елдері көз тіккен «Сочи-2014» 22-ші Олимпиада ойындарының ашылуы санаулы сағаттан соң салтанатты түрде өтеді. Байрақты бәсекеде бақ сынап, ел намысын қорғайтын спортшыларға жанкүйерлер қолдан келгенше қолдау көрсетуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бүгін Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері жерлес олимпиадашыларымызға, оның ішінде биатлоннан сынға түсетін университетіміздің 2-ші курс студенті Галина Вишневскаяға жеңіс тілеп, Семейдің Ертіс жағалауы бойына жиналды. Университет факультеттерінен құралған командалар қысқы спорттың бірнеше түрлері бойынша жарысты.


«Біз өткізілген бұл шара арқылы қазақстандық олимпиадашыларды қолдап, оларға рухани демеу боламыз. Әрине, біздің елдің спортшылары осал емес. Солардың бірі – Шәкәрім университетінің студенті Галина Вишневская. Біздің университеттің ұжымы тақымдарын қысып, Галина үшін жанкүйер болады. Жас та болса, біз Галинаға зор үміт артып отырмыз»,-дейді денешынықтыру және спорт әдістемелік теориясы кафедрасының меңгерушісі Борис Прохоров.

Биатлоншы Галина Вишневская – биатлоннан өткен әлем додасының 2012 жылғы күміс жүлдегері. Айта кетейік, бірер күннен кейін ол 20 жасқа толады. Жастағына қарамастан сан мәрте Олимп шыңын бағындыратындығын дәлелдеді. Біз де жас спортшы Галинаның биік белеске жететініне кәміл сенеміз.

Жібек Сеғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив