KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Биатлоншы Галина Вишневская ел қоржынына күміс медаль салды

14.02.2013, 18:00 132


Австрияның Обертиллиах қаласында биатлоннан өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жерлесіміз Галина Вишневская 7,5 шақырымдық қашықтықта із қуып жарысу бәсекесінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz. Сондай-ақ, Галина алты шақырымдық спринттік жарыста бесінші орынды иеленді.

Ресейлік Ульяна Кайшева алтын медалді қанжығасына байлап кетті. Ал, Германия спортшысы Марион Дайгентещ қола медальды еншіледі.

Өткен жылдың қаңтар айында Австрияның Инсбрук қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы І қысқы Олимпиада ойындарында да Галина күмістен алқа таққан болатын.

Галинаны Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рафаэль Мерсалимов жаттықтырып, жарыстарға даярлайды.

Әлемде айрықша қарқынмен қанат жайып келе жатқан спорт түрінің бірі – биатлонға сексен жылдай тарихы бар Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Спорт және денешынықтыру теориясы мен әдістемесі кафедрасында ерекше көңіл бөлінуде. Кафедрада еліміздің сайыпқыран спортшыларын дайынау дәстүрге айналған. Осы уақытқа дейін кафедрадан 5 Әлем чемионы, 2 Олимпиада ойындарына қатысушы, 11 Азия ойындарының чемпионы, 100 Қазақстан Республикасының чемпионы, 200 облыс чемпионы тәрбиеленіп шықты. Қазіргі жас спортшыларымыздың шоқ жұлдызы Галина Вишнескаяның келешегі зор. Биотлоншы қызымыз Олимп шыңын бағындыратынына кәміл сенеміз.



Анар Қуанғалиева

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив