KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Универсиада жүлдегері Галина Вишневская құрметке бөленді

17.02.2015, 18:00 170



Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде білім алып жатқан Галина Вишневская Словакия жерінде өткен ХХVII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп, күміс жүлдені олжалады. Қазақстанның намысын қорғап, үздік спортшы атанған Галинаның кезекті жетістігіне дән риза болған университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер оған шын жүректен құрмет көрсетті.

Әлемде тек үздік спортшылар ғана бақ сынай алатын дүбірлі универсиадада биатлон жарысы шеңберінің аралас эстафестасында Галина 6 км қашықтықты бағындырып, ел қоржынына күміс медаль салды.

Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер биатлоншы қызымыздың әлі де талай белес-шыңдарды бағындыратынына сенімі мол.

Нұрсұлу Саветқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив