KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 6 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Жастар Президент жолдауын қолдауда

29.01.2014, 18:00 311



«Мәңгілік ел». 29 қаңтар күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қабырғасында ҚР Президент жолдауына орай өткен дөңгелек үстел осылай аталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Мақсат – Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтар күнгі елге үндеуін талқылау; ел Президентінің жүктеген мақсат-мүдделерін жүзеге асыру жолдарын қарастыру, жас ұрпаққа мұндай тарихи құжаттың қаншалықты маңызды екенін айшықтау. Жастар үшін маңызы зор мұндай шараны студенттік Парламент, «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастырып отырғанын айта кету керек.

Жастар Президент жолдауын қолдауда

Жиында ең бірінші болып сөз алған студенттік Парламенттің көшбасшысы Айдос Төлеуханов Президенттің Қазақстан халқына арналған Жолдауының маңызына тоқталды. Университеттің жігерлі жастары бас қосқан алқалы жиынға Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі Зейнолла Тоқаев, «Нұр Отан» партиясы Семей филиалының өкілі Дархан Жұмаділов, тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің маманы Мақсат Кәрібаев, БАҚ өкілдері және белсенді студенттер қатысып, өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел жұмысы барысында университеттің «Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшелері Еркежан Қабдығалиева, Арайлым Сатбай баяндама жасады. Студенттер тарапынан ұсыныс-тілектер айтылып, баяндама шеңберінде біраз мәселе ортаға салынды. Тақырыпқа қатысты арнайы бейнесюжеттер де студенттер назарына ұсынылды.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив