KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Оңалту орталығы Семейде ашылады

23.01.2014, 18:00 123



Биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетуге арналған ірі оңалту орталығы құрылысының жобалау-сметалық құжаттары әзірленеді. Бұған қоса өңірімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бағдарлама жүзеге асырылады. Бұл жайында ШҚ облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Семейге барған кезде мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауындағы тапсырмаларға сәйкес, Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан жоғары жандар туралы ақпарат жиналуда. Семей қаласында бұл жұмыспен «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мекемесі айналысады. Қазіргі кезде орталықта 400-ден астам мүмкіндігі шектеулі жандар қамқорлыққа алынған. Орталық директоры Рымжан Тынысованың айтуынша, орталықта жүйке жүйесінде ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен 18 жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Оңалту орталығы Семейде ашылады

Облыс басшысы логопед, емдеу, ойын, сенсорлық, еңбек және тағы басқа оңалтуға арналған кабинеттер-ді аралап көріп, ем қабылдаушы балалардың ахуалымен танысты.

Ауыр еңбек болса да, адамгерші-лігі жоғары кәсіби жұмыстың нәтижесі де жоқ емес. Мәселен, ақыл-ой кемтарлығы және жүрек ақаулығы диагнозымен келген Мирас Қабылаштың бүгінде біртіндеп жағдайы жақсарып келеді. 2009 жылы ашылған мекемедегі күндізгі бөлімнен бүгінге дейін балабақшаға – 3, мектепке – 6, колледжге – 3, үйден тәрбиелеуге – 3, үйден оқуға – 17, жоғары оқу орнына – 1 бала жіберілген. Бұл – орталық ұжымының теңдессіз жеңісі.

Алайда, орталықта шешімін күткен мәселе де жоқ емес. Директордың айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың ауқымды бөлігіне қызмет көрсетуге мамандар құлықты болғанымен, оған тұрғын үй ғимаратының бірінші қабатында орналасқан орталықтың мүмкіндігі жеткіліксіз.

Арнаулы орталықтың жағдайымен жіті танысып шыққан облыс басшысы бұл мәселеден хабардар екендігін, сондықтан тиісті орындарға тапсырма жүктейтінін жеткізді.

Думан Анаш
суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив