KZ
Өскемен
+7°
туман жел 2 м/с, СШ
485.11 523.82 5.02

ШҚО кәсіпкерлері жұмысшыларына қанша еңбекақы төлейді?

13.01.2014, 18:00 125



Шығыс Қазақстан облысындағы шағын және орта бизнес мекемелерінде еңбек ететін жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа жалақысы 2011 жылмен салыстырғанда 120,5 пайызға өсіп, 88 653 теңгені құраған. Бұл туралы Мемлекеттің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алайда, аталған көрсеткіш бұдан да жоғары болу мүмкін. Бақытбек Қизатовтың айтуынша шағын және орта бизнес мекемелерінде еңбек ететін жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа жалақысы 97 мыңға дейін жетуі керек. Айлық еңбекақының көрсетілген сомаға жетпей жатуының әр түрлі себептері бар көрінеді. Мекеме басшылар болса мұндай еңбекақы төлеуге олардың экономикалық жағдайлары келмейтіндерін айтып ақталған. Осы ретте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс берушілерге әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының үш жақты ұжымдық келісім шарттарының орындалуын бақылау жөнінде тапсырма жүктеді.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив