KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

Еңбек кітапшалары енді электронды болады

31.05.2018, 10:14 128

Бұл ақпаратты бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Басқарма басшысының айтуынша, еңбек кітапшасынан бөлек еңбек шарттарын да электронды нұсқада жасау көзделіп отыр. Бұл бірінші кезекте жұмысшының мүддесін қорғауға бағытталған.


– Көп ретте жұмыс берушілер еңбек шарты жоғалып қалды немесе әу баста жасалған жоқ деп сылтауратып, жұмысшының тиесілі еңбекақысын бермей кетеді. Ал электронды нұсқа енгізілсе, олай ете алмайды. Себебі, барлық мәліметтер ортақ базаға енгізіледі. Қазір тиісті заң жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеуде. Қазан айына дейін дайындап ұсынулары тиіс, - деді Бақытбек Қизатов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив