KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

«Super мүмкіндік» акциясының жеңімпаздары анықталды

13.01.2014, 18:00 217


Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясында «Super мүмкіндік» акциясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Super мүмкіндік» акциясы 2013 жылдың 1 қазанынан 15 желтоқсаны аралығында өткен болатын. Акция шарттарына сәйкес «iD Net SuperHit» топтамасына қосылған абоненттер арасында 4 iPad mini планшеті ұтысқа түсті. Жеңімпаздар лототрон ұтыс ойыны арқылы анықталды. Ұтыс ойынының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының тұрғындары Күлімхан Қабашева, Жәнипа Шерубаева, Рамадин Демеубаев, Сағынышбек Мерекенов жеңімпаздар болып анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, «iD Net SuperHit» топтамалық шешімі – бұл сыртқы ресурстарға 50 Мбит/с, ішкі ресурстарға 100 Мбит/с дейінгі жоғары жылдамдықта интернет желісіне, сондай-ақ, ел аумағындағы қалааралық байланыс қызметтеріне лимитсіз қатынау.

Дарын Нұрсапаров
сурет ШҚО ТД
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив