KZ
Өскемен
туман Штиль
479.71 533.77 5.16

Қазақстанда ұялы байланыс қызметі арзандайды

1.07.2013, 18:00 221


1- шілдеден бастап елімізде интернеттің жылдамдығы ұлғайтылды. Енді жақын арада ұялы байланыс қызметі де арзандайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік төрағасы Болатбек Қуандықовтың айтуынша, таяуда ғана аталған агенттіктің пайдасына сот шешімі шығарылған. Нәтижесінде енді тиісті сараптамалар жүргізілген соң ұялы байланыс қызметі арзандамақ.

Сонымен қатар ағымдағы 1-шілдеден «Қазақтелеком» АҚ «Megaline» мен «iDNet»-тің кейбір тарифтік жоспарларында бұрынғы төленіп келген айлық төлемдерді өсірмей-ақ интернет желісінің сыртқы ресурстарына ену жылдамдығын арттырды.

Айталық, «Megaline Hit Optima» және «Megaline Light Optima» тарифтік жоспарында интернеттің жылдамдығы
1 Мбит/с-тен 2 Мбит/с-ке дейін көбейген. Ал «iD Net Hit» и «iD Net Light» жоспарларында 20 Мбит/с-тен 30 Мбит/с-ке дейін, «iD Net Turbo» мен «iD Net Turbo Light»-те 30 Мбит/с-тен 40 Мбит/с-ке дейін жоғарылаған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив