KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Енді декретке алаңсыз шыға беруіңізге болады

13.01.2014, 18:00 224



Декреттік демалысқа шыққан әйелдердің зейнетақы жарналары мемлекет тарапынан субсидияланатын болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл Президент қол қойған «Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң арқылы жүзеге асырылады.

Зейнеткерлікті қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған Заңға сәйкес, тиісті 10 пайыздық жарнаның 4 пайызы міндетті әлеуметтік сақтандыру қаржысынан әлеуметтік төлемдер есебінен берілсе, 6 пайызы бюджет қаржысынан өтеледі.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, аталған төлемдерді жыл сайын Қазақстанда 150 мыңнан астам жұмыс істеуші әйел алады екен. Ел қазынасынан осы мақсатқа арнап 2014-2016 жылдарға 30,6 млрд. теңге қаражат қарастырылған.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив