KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3,9 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Ең қарт соғыс ардагерлері “1943-2013 жж. Курск шайқасының 70 жылдығы” медалімен марапатталды Бородулихада

26.12.2013, 18:00 202



Бородулиха ауданының ең қарт соғыс ардагерлері Жаңа жыл қарсаңында “1943-2013 жж. Курск шайқасының 70 жылдығы” мерейтойлық медалімен марапатталды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауданның ең жасы үлкен тұрғындары 102 жастағы Федор Алексеевич Попельных пен 90 жасқа толып отырған Алексей Романович Ломтев “1943-2013 жж. Курск шайқасының 70 жылдығы” мерейтойлық медаліне ие болды.

Ең қарт соғыс ардагерлері  “1943-2013 жж. Курск шайқасының 70 жылдығы” медалімен марапатталды Бородулихада

Курск облысының губернаторы Михайлов Александр Николаевичтің қолы қойылған куәліктерді қарт майдангерлерге аудан әкімі Г.И.Акулов пен аудандық мәслихатының хатшысы У.Т.Майжанов табыс етті. Қос ардагер өздеріне көрсетілген зор құрмет үшін алғыстарын білдіріп, бір жасап қалды.

Арада қаншама жыл өтсе де, 1941-1945 жылдар арасындағы Ұлы Отан соғысының зардаптары ел есінен кетер емес. Аудан басшылығы қазір күннен-күнге қатары селдіреп қалған 20 шақты ҰОС ардагерін қанаттарының астына алып, оларға қолдан келген қамқорлықтарын жасап келеді.

Серік Әбілқасымұлы
суреттер автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив