KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
441.8 480.02 4.88

Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорын Өскеменнен тысқары салынатын болды

12.12.2013, 18:00 148



Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорын Өскемен қаласынан 20 шақырым жерде салынатын болды. Ұлан ауданына қарасты Самсоновка ауылының жанынан осы мақсатқа қажетті 30 гектар жер телімі бөлініп қойды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бүгінде жобалық құжаттар әзірлеуге дейінгі жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, нысанның қоршаған ортаға қаншалықты зиян келтіретіні анықталып, геологиялық, гидрогеологиялық іздеулер жүргізіліп жатыр.

Әзірге қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін нысанның қаншаға түсері белгісіз, ол тек жобалық-сметалық құжаттама дайындалған кезде бірақ белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осы кәсіпорынды Ушанов ауылының маңынан салу жоспарланған болатын. Алайда бұл ұсынысқа жергілікті жұртшылық наразылық танытқандықтан оның орнын алмастыруға тура келді. Сонымен қатар "кәсіпорынға салынған инвестицияның жалпы сомасы 50 миллион еуроны құрайды, зауыт 2014 жылы пайдалануға беріледі"деген ақпарат та таратқан болатын Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі сәуір айында.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив