Семей қаласындағы ЖОО мен колледждерде білім алып жатқан бородулихалық студенттер оқуларын тәмамдағаннан кейін туған жерлеріне оралатын болды. Аудан әкімімен кездескен жастар осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Олар Бородулиха ауданы әкімдігі ұйымдастырған бос орындар жәрмеңкесінде мұғалім, дәрігер, агроном, мал дәрігері, зоотехник сияқты мамандықтар бойынша жұмыс тапты.
Аудан әкімі Григорий Иосифович Акулов жастармен кездесу барысында оларға қолынан келетін көмегін аямауға уәде етті.
Басқосуда студенттер аудан әкіміне, сала басшыларына жұмысқа тұруға қатысты түрлі сауалдар қойып, оған тұщымды жауап алды.
Кеш соңында оқу мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген студенттерге аудан әкімінің алғыс хаты мен ақшалай сыйақы табыс етілді.