KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Зыряндағы бір отбасының қос перзенті Америкадан оқып келді

2.12.2013, 18:00 99


Зырян қаласындағы бір отбасының қос перзенті "Болашақ" бағдарламасымен Америкадан оқып келді. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған бұл бағдарламаның құрылғанына биыл 20 жыл толды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Данияр мен Әсел Нүркеновтер орта мектепті үздік бағамен бітіріп шыққаннан кейін, Алматыдағы жоғары оқу орнындағы халықаралық қатынастар факультетінде білімдерін жалғастырды. Олар өз орталарында жақсы оқып, көзге түсті.

Ұстаздарының қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы аясында Данияр АҚШ-тағы Вашингтон, Әсел Калифорния университеттерінде білім алып, оқуларын табысты аяқтап, Қазақстанға оралды. Данияр Алматы қаласындағы ең ірі банктердің бірінде қаржы тобының басқарушысы болып қызмет істейді. Қазіргі кезде мамандығын тереңірек меңгеруге құлшынып, Францияда халықаралық жоғары экономика мектебінде оқып жүр.

Әсел бұл күндері «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында экономика жөнінен бас маман болып еңбектенуде. Данияр мен Әсел бірнеше тілді меңгерген. «Болашақтың» қанатының астынан түлеп ұшқан түлектер осылайша еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жатыр.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив