KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 1 м/с, С
441.8 480.02 4.88

Өскеменде экономист мамандардың біліктіліктері жетілдірілді

13.11.2013, 18:00 97


Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының ұйымдастыруымен қаржы-экономикалық және техника-экономикалық негіздемелердің экономикалық сараптамасын жүргізу мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оқыту семинар-тренингіне мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік мекемелердің, атап айтсақ, қалалар мен аудандардағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, жиынға Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Қарағанды облыстарының өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталықтарының қызметкерлері шақырылды.

Іс-шара экономикалық негіздеме әзірлейтін мамандардың біліктілігін көтеру, сонымен қатар, сараптаманы жүргізуге қатысты күрделі мәселелерді шешу және олардың сапасын жақсарту мақсатында ұйымдастырылды. Семинарға қатысушылар сараптама жасау мәселесіне қатысты өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды.

Семинар соңында қатысушылар сауалнамаға жауап берді, нәтижесінде олардың 92 пайызы алған ақпараттарын пайдалы әрі өзекті деп шешсе, 96 пайызы келесі семинарларға қатысуға ниет білдіріп, өздерін қызықтыратын тақырыптарды атап көрсетті. Осыған орай, алдағы уақытта да осындай семинарлар өткізілетін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив