KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Мектеп түлектеріне арналған ашық есік күні Семейде өтті

6.11.2013, 18:00 211


Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте Бородулиха, Бесқарағай, Абай аудандарының мектеп бітірушілеріне арналған ашық есік күні мерекесі ұйымдастырылды. Үш күнге созылған кездесу барысында Семейдің төрінде орналасқан алып оқу орнында 500-ге тарта оқушылар мен олардың ата-аналары, ұстаздары бас қосты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Университеттің ЖОО дейінгі даярлау орталығы директоры Ерғали Қабдоллаұлы Есенжоловтың айтуынша, ізденімпаз жастар универсиетттің «ішкі шеберханасымен» танысу мүмкіндігіне ие болды.
Абай ауданының мектеп оқушыларымен өткен кездесуге университет проректорлары, декандары, кафедра меңгерушілерімен қатар, шетелдік ғалымдарды университетке арнайы шақырту бағдарламасы аясында АҚШ-ның Хьюстон қаласынан келген Семей өңірінің тумасы, мал дәрігерлік медицина докторы Омарбеков Жарқын Есенгелдіұлы да қатысты. Өз кезегінде ғалым жастарға шетел тілдерін үйренуге шақырды. Айта кетерлік жайт, 10 жыл бойы Америкада қызмет ететін Жарқын Есенгелдіұлы - осы білім ордасының түлегі.

Студенттік өмірге қадам басатын жастарға университет ұжымы ерекше ілтипат танытты. Университеттің халықаралық қатынастар мен тәрбие ісі жөніндегі проректоры Бақыт Жұмағазықызы Атантаева оқушыларға университеттің тарихы, қоғамдық өмірі, осы білім ордасының мақтанышына айналған түлектері жайлы баяндап берді.

Түлектер университететтің тыныс-тіршілігімен танысып, университет жайлы барынша мол мағлұмат алуға тырысты. Ең бастысы- осынау оқу орнын аралап, арнайы ұйымдастырылған мерекелік шараны қызықтау ғана емес, оқу жүйесі жайлы тереңірек мағлұмат алу болды. Бүгін мектеп партасында отырған өрендердің арасында ертеңгі күні Шәкәрім университетінің студенті атануға құмар жастар да аз болмай шықты . Солардың бірі Абай ауданы, Тоқтамыс ауылының Ж.Молдағалиев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Еремғалиев Ақниет Шәкәрім университетінің студенті атануды армандайтынын жасырмады. Жастайынан өлең жазуға құмар өрен журналист болуды көздейтінін айтты.

Бүгінде аудан мектептері түлектерінің арасында Шәкәрім суниверситетінің студенті атануға белін бекем буған білімпаз жастар аз емес. Яки, еліміздің беделді оқу орындарының бірі саналатын білім ордасында өткен тағылымы мол кездесу бүгінгі түлек, ертеңгі студенттер көңілінен шықты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив