KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

Семейдегі білім сапасына қатысты алдағы жоспарлар айтылды

30.03.2021, 09:30 256

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша «Аймақтағы мектеп оқушыларының білім саласындағы олқылықтарды қалпына келтіру» тақырыбында Шәкәрім университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков пен Семей қаласы білім бөлімі басшысы Наталья Фесенко мектеп пен университеттің өзара әріптестік байланыстарын арттыруға бағыттылған кешенді шаралардың жоспарлары талқыланған отырысы өтті.

 

Осы ретте Б. Ердембеков пен Н. Фесенко білім сапасын жақсарту мен ұстаздардың біліктілігін арттыру бойынша алдағы уақытта қандай кешенді шаралар жоспарланып жатқанын тарқатып айтты.

 

Семей қаласы білім бөлімі басшысы Н.А. Фесенко: – Білім саласында жүрген қай қайсымыздың да, жас ұрпақты заман талабына сай қабілеті, сауатты, зейіні мен зердесі қалыптасқан тұлға етіп шығару – басты міндетіміз. Білім сапасын арттыру кешенді жұмыстарды жүйелі жүргізіп отырғанда ғана нәтиже берері қақ. Алдағы уақытқа жоспарлар өте көп. ЖОО мен мектептер арасындағы кері байланысты арттыру мәселесі бойынша көптеген конференция, семинарлар, дөңгелек үстел және түрлі форматтағы басқосулар алаңын ұйымдастырып отыру, тәжірибе алмасу жоспарлануда.

 

Шәкәрім университетінің ректоры Б.А. Ердембеков: – Ия, білім сапасын арттыруда білікті ұстаздардың тәжірибелерін насихаттау және олардың тәжірибе тәсілдерін студенттерге көрсетіп, үйретіп отыру маңызды. Педагогикалық мамандықта білім алушыларға педагогикалық және өндірістік практика базаларын ұйымдастыруды жетілдіру, тәжірибе жетекшілерінің жалақыларын тағайындау әдістерін қарастырудамыз. Педагогикалық бағыттағы білім алушыларының іс-тәжірибемен қатар дуалды оқыту элементтерін білім бағдарламаларына енгізу маңызды болып саналады. Бұл біріншіден, тәжірибелі үздік ұстаздардың оқу процесіне араласуына, екіншіден студенттерді білім үдерісіне бейімдеуге және үшіншіден жұмыспен қамту мәселесін шешуге өз кезегінде көмегін тигізеді деп ойлаймын.


Университетте кәсіби бағдар жұмыстары қалай жүргізіледі, мектеп оқушылары қандай шараларға еркін қатыса алады?

 

Б.А. Ердембеков: – Университетте кәсіби бағдар жұмыстары жүйелі жүргізіліп отыр. Таяуда білім ордасында оқушылар мен мектеп ұстаздарын қолдауға арналған «ШӘКӘРІМ ОНЛАЙН МЕКТЕБІ» http://mektep.shakarim.kz/ платформасы іске қосылды. Платформаның бөлімдерінде   бейне оқулықтар, оқу-әдістемелік материалдар және еріктілер тізімі мен жексенбілік мектептің кестесі жарияланып тұрады.

Сонымен қатар, Семей қаласы және Абай, Аягөз, Үржар, Бесқарағай, Жарма аудандарындағы мектептер университет қамқорлығына алынды және аталған аудан мектептерінде еріктілер барлық пәндер бойынша онлайн режимде оқу сабақтары ұйымдастырылып отырады. Одан бөлек, университеттің жексенбілік онлайн мектебінде оқушылардың білімін жетілдіруге арналған ҰБТ пәндері бойынша екі тілде кеңес алу сұрақ-жауап алаңы жұмыс жасауда. Пән мұғалімдерінен онлайн платформалар арқылы тегін кеңестер алуға жағдай жасалған. Оқимын, білім аламын деген жастарға мүмкіндіктер мол.

 

Н.А. Фесенко: – Иә, атқарылатын шаралар өте көп. Дарынды мектеп түлектерінің ЖОО-на оқуға түсуі үшін алдағы уақыттарда университет гранттары тағайындалатын болады. Ол үшін университет ұйымдастырған аймақтық пәндік олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпазы атануы шарт. Сонымен бірге мектептердегі пікір-сайыс жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде, дегенмен әлі де дамыту қажет деп ойлаймын.

 


Б.А. Ердембеков: – Біз түлектерге кәсіби бағдар жұмыстарын кешенді жүргізу арқылы әрі кәсіби дамуына, өсуіне көмек көрсетіп және оларды бақылай отырып таңдаған бағытына қолдау білдіреміз. Бұл тек қана жарнама жұмысы емес, адами тұрғыда моральдық көмек болып та саналады, сол себепті, кейініректе қалып қояды деген күдік болмауы тиіс.

Университет алдағы уақыттарда нақты сұранысқа ие білім бағдарламалары бойынша мамандар дайындайтын болады. Осы орайда, үздіксіз білім беру орталығында орналасқан «Күміс» университеттің болашағы туралы мәселелелер қарастырылып жатыр. Яғни, аталған жоба арқылы әлеуметтік және басқа жағынан белсенділіктері жоғары адамдардың тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік беруіміз қажет. Қазір адамдар ақпараттық технологиялардың өзгеруіне қарай өмір бойы білім алып отыруы керек. Сол жүйені енгізсек деп отырмыз.

Сонымен қатар, университет ғалымдары мен мектеп ұстаздарының арасындағы байланысты жаңа сатыға көтеру мақсатында мектептерде кафедра филиалдары ашылуда. Мұның өзі бірлескен оқу-әдістемелік, ғылыми жобалар және оқу-құралдарын жазуды жаңа деңгейге көтеруге негізгі діңгек болмақ. Бұл өз кезегінде оқытудың жаңа технологияларын меңгеруге, ұстаз шеберлігін шыңдауға септігін тигізбек.

Алдағы уақытта оқушыларды академиялық ғылымға тарту мақсатында физика-математика және химия-биология бағытында мектептер ашу жоспары тұр. Бұл жұмыстардың барлығы білім сапасын жақсартуға, ұстаздардың кәсіби біліктіліктерін арттыруға көмек береді деген ойдамын.

 

Университетте мектеп ұстаздарының білімі мен сапасын арттыру мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда және қандай тың идеялар бар?


Б.А. Ердембеков: – Мектептің жүрегі ұстаз дейтін болсақ, ол үнемі жаңарып, жаңаланып отыру қажет. Оған университет тарапынан қолдау жасаған дұрыс. Осы орайда «Қашықтан оқытудағы цифрлық технологиялар», «Инклюзивті білім беру ерекшеліктері» және «Өзін-өзі тану» тақырыптары бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру үшін онлайн-курстар ұйымдастырылып, жүйелі жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, мектептегі математика, информатика, биология пәндерінің ұстаздарына арналған қайта даярлау курстары жүргізіліп жатыр. Бұл өз кезегінде пән мұғалімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа жоба ретінде мектептегі педагог мамандардың магистратураға түсуіне көмектесу мақсатында ағылшын тілінде тілдік курстар ұйымдастырылып, іске асыру жүргізілетін болады. Аталған іс-шаралар жүйелі ұйымдастырылғанда ғана нәтиже береді, сол үшін мектеп ұстаздары тарапынан да сұраныс болғаны абзал. Жақсы нәтижелерге бірге қол жеткіземіз деген үміттемін.


Н.А. Фесенко: – Мен өз кезегімде, мектеп оқушыларының ғылыми жобаларына жетекшілік жасаған университет ғалымдарына және білім саласындағы олқылықтарды толықтыруға көмекстесіп жүрген еріктілер жасағына шексіз алғысын білдірмін. Келешекте де, осы қарқыннан таймай, әріптестік шеңберінде бірге істер атқаруға даярмын!

Оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыруда ЖОО мен мектеп арасындағы интеграцияны орнату және одан әрі дамыту бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерінің бірі, әріптестік қарым-қатынастар аясында атқарылатын істерге өрлеу мен өркендеу тілеймін!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив