KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Жеткіншектер шыңға шықты

28.10.2013, 18:00 151


Өскемендегі «Восток-Тур-Драйв» туристік компаниясы «Вертикаль» оқу-жаттығу лагерінде 10 жастан 16 жасқа дейінгі жеткіншектерге арнап, туристік танымдық шаралар ұйымдастырып келеді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Олар жаз бойы тау ішіндегі шатырлы қалашықта тұрып, жорыққа шықты. Шыңға өрмелеп, таулы өзеннің ағысымен қайықта жүзеді. Туристік машықтарға дағдыланып, өз бетінше тіршілікке қанықты.

Компанияның жолсызбен жүретін екі орындықты арнайы жеңіл машиналары, спорттық қайықтары, сондай-ақ, 120 адамды жол қапшықтарымен, шатырлармен, ұйықтайтын қапшықтармен қамтамасыз ететін мүмкіндігі бар. Бір мезгілде жалпы жиыны 60-70 адамды Үлбі, Убі, Бұқтырма, Қалжыр өзендерінің ағысымен жүзуге қажеттіліктермен қамтамасыз ете алады. Басқа қалалардан да көптеген туристер келіп тынығуда.

– Мұнда айына орта есеппен 150 адам келіп, туристік жорықтарға қатысады. Оларға барлық жағдай жасалған, – дейді осы компанияның атқарушы директоры Юрий Бессергенев.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив