Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік полициясы басқармасы 21-27 қазан аралығында «Қауіпсіз жол» акциясын жүргізеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Бұған дейін жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өткен республикалық «Қарсы жолақ» шарасының аясында Шығыс Қазақстан облысында үш күннің ішінде 1866 жол жүру ережесін бұзу фактісі тіркелді. Қарсы бағытқа шығып кеткен 108 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.
Мас кезінде көлік басқарған 56 адам жүргізуші куәлігінен айырылады. Шамадан тыс жылдамдықты ұнататын 600-ден астам жүргізуші жол сақшыларының құрығына іліккен.