KZ
Өскемен
+13°
дождь жел 4 м/с, З
442.05 474.14 4.74

«Қауіпсіз жол» акциясының алғашқы күні-ақ жол қозғалысы ережесін бұзған 800 факті әшкереленді

22.05.2013, 18:00 79


Шығыс Қазақстан облысында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» акциясының алғашқы күні-ақ жол қозғалысы ережесін бұзған 800 факті әшкереленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінің деректері бойынша, олардың ішінде жылдамдықты шамадан тыс асырған 218 жүргізуші әкімшілік жолмен жауапқа тартылса, қауіпсіздік белдігін тақпаған 100 жүргізушіге айыппұл салынды. Сондай-ақ басып озу ережелерін бұзған 71 жүргізуші мен жол қозғалысы ережелерін сақтамаған 33 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке шақырылды.

Жол қызметтеріне жолдарды дұрыс күтпегендері үшін 20-дан астам ескерту жасалды. Ал жолдарды қанағаттанғысыз ұстады деген кінә тағылған төрт лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

Аталмыш акцияға жол полициясының 300 қызметкері, ішкі істер органдарының басқа қызметтерінен 134 полицей және 90 учаскелік инспектор жұмылдырылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив