KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

19 адам көлікті мас кезінде басқарған

17.10.2013, 18:00 247


17-қазаннан республикада «Қарсы жолақ» жедел-алдын алу шарасы жүріп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстанда аталмыш акцияға 240 полиция қызметкері жұмылдырылып, 118 жерде пост қойылды.

Облыстық жол полициясының баспасөз қызметінен белгілі болғандай, бір тәуліктің ішінде жол қозғалысы ережесін бұзған 570 оқиға тіркеліпті. Қарсы жолаққа шығып кеткен 30 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жылдамдықты шамадан тыс асырған 175 жүргізуші жазаланды.

19 адам көлік басқаруға мас кездерінде отырғаны анықталды, енді олардың жүргізуші куәлігінен айырылатын түрлері бар. Қауіпсіздігін тақпаған 66 жүргізушіге айып салынды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив