KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3 м/с, В
442.05 474.14 4.74

«Қауіпсіз жол» акциясының аясында жол қозғалысы ережесін бұзған 1651 факті әшкереленді

24.05.2013, 18:00 117


Шығыс Қазақстан облысында өткен «Қауіпсіз жол» акциясының аясында 2 күн ішінде жол қозғалысы ережесін бұзған 1651 факті тіркелді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясы баспасөз қызметінің деректері бойынша, ең жиі кездескен ереже бұзушылық – жылдамдықты шамадан тыс асыру болды. Осы қылмыспен 453 жүргізуші әкімшілік жолмен жауапқа тартылған. 223 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыпталды.

Басып озу қауіпсіздігін сақтамаған 145 жүргізуші әшкереленді. Сондай-ақ жол қозғалысы ережесін бұзған 74 жаяe жүргінші анықталды.

Жол сақшылары жол қозғалысы ережесімен қоса жолдардың жағдайын да назардан тыс қалдырмады. 2 күн ішінде жол қызметтеріне 39 ескерту жіберіліп, жолдарға дұрыс қарамаған 9 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа шақырылды.

Аталмыш фактілер 316 жол полициясы қызметкерінің, ішкі істер органдарының басқа қызметерінің 155 қызметкерінің және 100 учаскелік инспекторлардың күшімен әшкереленді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив