KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Енді бірінші кезекке машина жасау саласы шығады

13.10.2013, 18:00 143


Елімізде 2009 жылдан бері қарқынды басталған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы кезеңі аяқталмақ. 2014 жылы бағдарламаның екінші кезеңіне аяқ басамыз, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

ШҚ облысы әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаевтың айтуынша, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші кезеңінде де облыста ауқымды дүниелер қолға алынбақшы. Онда да өңірдің әлеуетін мүмкіндігінше көтеру бірінші орында қала бермек. Мәселен, бұған дейін облыстағы тау-кен, металлургия өндірісі дамудың локомотивіне айналған болса, енді бірінші кезекке машина жасау саласы шығады деп жоспарланған.

Мысалы, «Азия-Авто» АҚ ағымдағы жылы 30 мың көлік шығаруды межелеп отыр. Ал биылғы қараша айында Қазақстан мен Ресей Үкіметінен арнайы өкілдер облыста бас қосып, жылына 120 мың көлік шығаруға мүмкіндік беретін үлкен жобаны бастауды қарастырмақ.

Біздің облыста осындай ірі жобаның жүргізілуі тек 18 мың аралас жұмыс орнын ғана ашып қоймай, ұлан-ғайыр жетістіктерге де жол ашпақ.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив