Аягөзде жоспардан тыс 12 сауда нысаны тексерілді
Аягөз аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандарымен азық - түлік қауіпсіздігін сақтау мониторингін жүргізу мақсатында Аягөз қаласының 44 сауда орнынан 442 азық түлік және басқа өндірістік тауарлар жалпы сомасы 298 828 тенгеге сатып алынып, зертханалық зерттеулер жүргізілген.
Нәтижесінде 25 сынамадан талаптарға сай келмейтін өнімдер анықталып, 8 объектінің кәсіпкерлеріне әкімшілік іс қозғалып, 293410 тенгеге айыппұл салынды.
Сатылуға жарамсыз, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті 125 кг өнімдер жойылды. Жоспардан тыс 12 сауда объектісі тексерілді. Санитарлық нұсқаманың талаптарын орындамағаны үшін 2 адамға хаттама толтырылып, әкімшілік істері аудандық сотқа жолданды. Өнімдер қауіпсіздігі мониторингі жүйелі түрде жалғасын табатын болады.