KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да денсаулыққа қауіп төндіретін 921 келі азық-түлік тәркіленді

5.12.2018, 09:05 220

Қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының облыстағы тамақ өндіруші, саудалаушы орындарға  жүргізген тексерулері кезінде жергілікті өнім өндірушілердің ішінде де денсаулыққа қауіп төндіретін азық түлік өндіріп жатқан шағын кәсіпорындар белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сатушылар, жеткізушілер, дайындаушылар өнімді дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және өткізу жағдайларына  қойылатын санитарлық гигиеналық талаптарды бұзып, сол өнімдерді сатып алып жатқан жұртқа қауіп төндіріп отырғандықтарын ойлай бермейді дейді мамандар.


Биыл аймақтағы азық түлік сататын  сауда орындарында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмеген 26 тамақ өнімі (сынамасы) анықталған.«Восток Бройлер», «Прииртышский бройлер» кәсіпорындарының мұздатылған құс еті бөліктерінен сальманелла табылған.


Жергілікті өндірушілер «Кондитер +», «ФирмаАлта»  кәсіпорындары торттары, ЖК«Бейбітовтың» мұсылмандық фарштары, ЖК Чернышов, «Баян сұлу» АҚ, «Золотаязабава», «Смак ПВ» өнімдерінің,  « ШинЛайн» балмұздақ өндірісі өнімдерінің, «Азия Холод» ЖШС, Ресейдің «Сытные»сосискілері, «Моцарелла Пицца» ірімшігі, өсімдік сары майы тағы да басқа отандық, жергілікті және шетелдік азық түлік өнімдерінің құрамы, сапасы тиісті талаптарға сай болмай шыққан.


2018 жылы  3 519 азық -түлік сынамасы, 1 477 халық тұтынатын тауарлар сынамасы алынып, соның ішінде тамақ өнімдерінің  252  сынамасы, халық тұтынатын тауарлардың 271 сынамасы техникалық талаптар мен гигиеналық нормативтердің  талаптарына сәйкес келмеген.


Сәйкес келмеген 523 тауар мен азық түліктің көпшілігі, 289 -ы шетелден келген импорттық өнімдер. Өткен он айда 956 мың 713 теңгенің 1 тоннадан астам өнімі: тамақ, аяқ киім, ойыншықтар тәркіленген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив