KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
491.7 531.28 5.07

Согра ықшам ауданындағы жылыжай қазан айының соңында іске қосылуы тиіс

7.10.2013, 18:00 103


Өскеменнің Согра ықшам ауданындағы жылыжай қазан айының соңында іске қосылуы тиіс. Бұл нысанды «Альжан Агро Трейд» ЖШС өз қаражатына салып жатыр , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жылыжай кешені түгелдей шынымен қапталған болса, көшет бөлімі ар-найы пленкамен жабдықталатын көрінеді. Серіктестік директоры Алмат Баймырзаевтың айтуынша, пленкалы жабын күн көзін баяу өткізгенімен жылуды сыртқа шығармау жағы-нан әйнекке қарағанда 20-30 пайызға үнемді. Серіктестік осы үнемді технология негізінде республика бюджетінен субсидия алып отыр. Жоба бойынша көшетке арналған кешен жыл он екі ай үзіліссіз қызмет етуі тиіс. Жылыжайда негізгі өнім пісіп-жетіліп жатқан уақта бұл кешенде тұқым себіліп, олардың өскін болып жетілуіне жағдай жасалады. Жылыжайдағы пісіп жетілген өнім жиналғасын, мұнда бір ай бойы бапталған өскіндер сонда көшіріледі.

Жалпы, 2008 жылы қолданысқа берілген жылыжай осы аз уақыттың ішінде басынан қиын күндерді өткеріп үлгерген. Бір жағынан өсірген өнімдері нарықта сұранысқа ие бола алмай, бір жағынан жылыжай жұмысына қажет жылуды ұсынған энергия орталығының алдында берешегі белшеден асып, жұмыс орындарын сақтап қалудың өзі мұңға айналған шақтар болыпты. Осындай қиын-қыстау кезеңде жұмысы тұралап тұрған жылыжайды өз иеліктеріне алған «Альжан Агро Трейд» ЖШС ЖЭО алдындағы 115 млн. теңге қарызды өтеп, барлық жұмыс орындарын сақтап қалған.

Согра ықшам ауданындағы жылыжай қазан айының соңында іске қосылуы тиіс– Өнім қанша сапалы дегеннің өзінде оның бағасы халықтың қалтасына ауыр тимеуі қажет. Егер болашақта өнімдеріңіз-дің бағасы маған берген мәліметтеріңізге сәйкес болса, жобаларыңыз баянды болары сөзсіз, – деді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жылыжай жұмысымен танысу кезінде.

Өңір басшысы жұмысшылармен жүздесіп, жағдайларын сұрады. Еңбекақының уақтылы төленіп келе жатқанын айтқан жұмысшылардың орташа табысы – 55 мың теңгенің төңірегінде.

Бүгінде жылыжай өнімдері еліміздің Батыс және Орталық Қазақстаннан басқа барлық өңірлерінде, Ресейдің үш бірдей аймағында сұранысқа ие болып отыр.

Согра ықшам ауданындағы жылыжай қазан айының соңында іске қосылуы тиісЖылыжайдағы қызанақтың тозаңдануына аса қажет голландиялық түкті аралардың барлық бабы Украинадан келген Юрий Волошиннің мойнында. Серіктестік басшылары көшет кешені өз жемісін беріп жатса, жылыжай аумағында бос тұрған екі гектар жерді де пайдаға жаратып, бүгінгі 70 жұмыс орнын арттыра түсуді көздеп отыр. Жылыжай кешенін түгелдей аралап, дайын өнімдерді қолмен ұстап, сапасын тексерген өңір басшысы енгізілген технология мен бөлінген субсидия өнім бағасының халықтың қалтасына қарайлас болуына бағытталғанын қайталай ескертіп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдеріне тиісті тапсырмалар берді.

Есімжан Нақтыбайұлы
Суреттерді түсірген: Е.Орынбаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив