KZ
Өскемен
+1°
туман жел 3 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Қазақстанда үш жаңа қытайлық көлік маркасын шығару мүмкіндігі қарастырылуда

29.10.2024, 13:00 64 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанда тағы үш қытайлық автокөлік маркасын өндіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында мәлімдеді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, жаңа зауыттарда CKD әдісі арқылы өндірілетін көліктерде қазақстандық компоненттердің үлесі біртіндеп арттырылатын болады.

"Біз елде шығарылатын автомобильдерде отандық компоненттер үлесін көбейтуді көздейміз. Осы бағытта шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен жаңа зауыттар салу жұмыстары жүргізілуде," — деді Қанат Шарлапаев.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Changan, Haval, Chery маркаларын шығаратын зауыт құрылысы аяқталуға жақын. Бұл зауытта CKD әдісімен жылына 90 мың автокөлік шығару жоспарланған. Сонымен қатар, 200 миллион долларлық KIA зауытының құрылысы жалғасуда, сондай-ақ Geely, Exeed, КAIYI жеңіл автомобильдерін шығару үшін 150 миллион доллар инвестиция тартылуда.

Саланы одан әрі дамыту үшін автокомпоненттердің отандық өндірісін жолға қою көзделіп отыр. Биыл Алматыда мультимедиялық жүйелер мен автокреслоларды сериялық түрде шығару басталады деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу