KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
499.04 544.45 5.96

Мектепке дейінгі ұйымдарда құзыреттілік орталықтары ашылуда

29.10.2024, 17:30 178 Төлеуғазы Жансая

Өткен жылдан бері мектепке дейінгі ұйымдарда құзыреттілік орталықтары жұмыс істей бастады. Олардың басты мақсаты – жүйеге инновациялық тәсілдерді енгізу және жас мамандарға қолдау көрсету,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл орталықтарда шығармашылық педагогтер тобы табысты тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеялар ұсынады, сондай-ақ өзекті тақырыптар бойынша тренингтер мен семинарлар ұйымдастырады. Педагогтер осындай іс-шаралар арқылы ресурстық қолдау алып, білім беру әдістемелерін жетілдіруде.

Қазіргі уақытта елімізде 180 құзыреттілік орталығы жұмыс істейді. Оның 94-і қалада, 86-сы ауылдық жерлерде орналасқан. Бұл орталықтар педагогтердің кәсіби өсуіне қолдау көрсетіп, мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға септігін тигізуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу