– Мен жұмыс атқарып келген мемлекеттік мекеменің облыстық филиалы белгілі себептерге орай жақында жабылды. Осыған байланысты қандай іс-шаралар жасауымыз керек және облыстық әділет департаментіне қандай құжаттардың жойылуын тіркетуіміз қажет?
Мадина Исакова
Өскемен қаласы.
Сауалға жауап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми сайтынан әзірленді.
– Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 16-1-бабына сәйкес заңды тұлғаның филиалын есептік тіркеуден шығару үшін филиалдың тіркелген жері бойынша Халық-қа қызмет көрсету орталығы арқылы мына құжаттарды тапсыру қажет:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша филиалдың (өкiлдiктiң) қыз-метiн тоқтату туралы заңды тұлғаның өтiнiшi; филиал (өкiлдiк) туралы ереже; филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден шығарғаны үшiн бюджетке тіркеу алымы төленгенiн растайтын түбiртек.
Заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтатудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде белгіленген тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ, шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болғанда, шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда салық қызметі органдары берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады және тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттарымен бірге филиалдың (өкілдіктің) қызметін тоқтату туралы заңды тұлғаның өтініші берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Дәурен Аллабергенұлы