KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Жарғылық капиталды ұлғайтуға қандай құжаттар керек?

8.07.2013, 18:00 239


– Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жарғылық капиталын ұлғайту үшін шешім қабылдаған болатын. Осы жарғылық капиталды ұлғайту жөнінде хабарламаны қайда тапсырады және қандай құжаттар қажет?

Әсет Жансейітов
Семей.

Бұл сауалға жауап Әділет министрлігінің ресми сайтынан алынып, берілді.

– «Еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мем-лекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №60-V заңы мен «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына өзгерістер ен-гізілген. Аталған заң 2013 жылдың 9 қаңтарында күшіне енді.
Заңның 6-бабына сәйкес акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды.

Жеке субъектілерге жататын заңды тұлғалардың құрылтай құжат-тарына енгізілген өзгерістер тіркеуші органға хабарлама ретінде жолданады.

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының 26 бабының 5 тармағына сәйкес жа-уапкершілігі шектеулі серіктестік жалпы жиналыс жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш ай ішінде жарғылық капиталдың ұлғайтыл-ғандығы туралы өзін мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарлауға міндетті.

Егер серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарламаса, жарғылық капитал ұлғайтылмаған болып танылады.

Сондықтан жеке субъектілерге жататын заңды тұлғаларда жарғылық капиталы ұлғайған жағдайда, тіркелген мекенжайы бойынша тіркеуші органға тиісті құжаттармен қосымша хабарлама жолданады.

Серік Құмарғалиұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив