KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
478.91 526.42 5.38

Қазақстанда ғылыми күштерді біріктіру үшін жаңа алаң құру қажет

26.09.2013, 18:00 134


Қазақстанда жетекші ғалымдар мен талантты жастардың және еліміздің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын адамдардың ғылыми күшін біріктіру үшін жаңа алаң құру қажет. Бұл жайында Назарбаев Орталығының жанынан ашылған Баспа үйінде өткен отырыста айтылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Назарбаев Орталығының баспасөз ақпаратына жүгініп.

Президент Кеңсесінің бастығы, Назарбаев орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Махмұд Қасымбеков атап көрсеткендей, Қазақстан Республикасындағы Президенттік институтқа, мемлекеттіліктің қалыптасуы мен даму тарихына сондай-ақ саяси-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени мәселелерге арналған басылымдарды жүйелеу және жарыққа шығару Баспа үйінің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Баспа үйі тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеушілер үшін бірыңғай ақпараттық кеңістік пен кәсіби орта қалыптастырады.

Басқосу барысында Баспа үйінің редакциялық Кеңес мүшелері бекітілді. Оның құрамына қоғам және мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің президенті Сауытбек Әбдірахманов, С.Сейфуллин атындағы мұражай директоры Несіпбек Айтұлы, Қазақ радиосының директоры Махат Садық және басқалар кірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив