Тарбағатай ауданындағы Қарасу-Ақмектеп жолы жөнделіп жатыр
Тарбағатай ауданындағы Қарасу мен Ақмектеп ауылдарының арасын жалғайтын 12 шақырым автожол орташа жөнделіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыстық жобаны «ОблШығысЖол» мекемесінің Ақжар ауылындағы ПДУ-3 бөлімшесі жүзеге асыруда. Жоба құны – 538 миллион теңге. Жолдың ені – 7 метр, асфальт жабындысының қалыңдығы – 5 см. Асфальт төсеу барысындағы технологиялық үрдістерді, реттілікті сақтау қадағалануда.
Бүгінге дейін жолдың 2 шақырымына асфальт төселген.
Нысанда 12 техника, 14 жұмысшы еңбек етуде.
Оқи отырыңыз