ХХІІ халықтық спорт ойындары: көкпар мен аударыспақ
Халықтық спорт ойындарының алғашқы күнінде Зайсанда спорттың екі түрінен жарыстар өтті. Көкпарға алты команда қатысты, ал аударыспақта спортшылар түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынады: 57-ге дейін, 62-ге дейін, 68-ге дейін, 100-ге дейін және 100 келіден астам, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Көкпарды тамашалауға жиналған жанкүйерлер көп болды. Алаңда облыстың үздік командалары шайқасты.
Аударыспақ бойынша Ұлан ауданынан келген Ерасыл Сайлаубеков 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды, финалда ол өскемендік қарсыласын жеңді.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ұлан ауданынан келген жас жігіт тәжірибелі қарсыласын жеңді.
Айта кетейік, алда әлі де көптеген қызықты жарыстар бар.
Ертең халықтық ойындардың басты аренасында негізгі жарыстар өтеді, қатысушылар көкпар, аударыспақ, бәйге және теңге ілуде өз шеберліктерін көрсетеді. Ойындар қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталады.
Фото: Аяужан Утеулинова