KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 8 м/с, СБ
477.45 527.1 5.24

Геопортал арқылы жер телімін алуға 2759 өтініш түскен – ШҚО

Фото: depositphotos.com

16.08.2024, 10:33 160 Ержан Әбіш

«ШҚО геопорталы» ақпараттық жүйесі іске қосылған бір жылдан астам уақыт ішінде қалалардан жер телімін алуға қатысты барлығы 2759 өтініш түскен, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Өтініштердің 1725-і егжей-тегжейлі жоспарға және бас жоспарға сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады. 541-і бойынша оң шешім шығарылды, 493 өтініш әлі қаралуда.

– «ШҚО геопорталы» ақпараттық жүйесі (vkomap.kz) 2023 жылдың наурызынан жұмыс істеп келеді. Осы портал арқылы облыстың Өскемен, Алтай, Серебрянск, Зайсан, Шемонаиха, Риддер қалаларында жер учаскелерін электронды түрде алуға болады, деп мәлімдейді ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы.

Осы қалалардың интерактивті карталары әзірленді, оларда ғимараттар мен құрылыстар, жолдар, жер телімдері, инженерлік желілер мен коммуникациялар (электрмен, сумен, жылумен жабдықтау), құрылыс аудандарының бас жоспарлары, санитарлық-қорғау аймақтары көрсетілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив