KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
477.45 527.1 5.24

Алматы-Өскемен: жол апатынан бір адам мерт болды

фото: depositphotos.com

14.08.2024, 10:37 168 ALTAINEWS

Алматы-Өскемен тас жолында үш көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы өткен түнде болған. Полиция өкілдері аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

- Opel Antara, Toyota Camry және Mercedes Benz автокөліктері 14 тамызда Алматы-Өскемен автожолының 88 шақырымында жол-көлік оқиғасына ұшырады. Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, үш адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде, - делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив