KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
477.45 527.1 5.24

«Прага – Өскемен» халықаралық автошеруі мәреге жақындап келеді

15.08.2024, 17:29 208 Нұржан Кенжеұлы

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Чехия астанасы Прагада дүниежүзіндегі ең экстремалды автожарыстардың бірі басталған болатын. «Прага – Өскемен» деп аталатын халықаралық раллиге әлемнің 17 елінен 50 экипаж қатысуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ондаған мемлекет пен күрделі маршруттарды еңсерген автошабандоздар сапарларын Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде аяқтауға тиіс. Бір жарым айға созылған ралли 24 тамызда мәресіне жетеді деп күтілуде.

– Олар сапар барысында бастан кешкен қызықты оқиғаларымен бөлісуге дайын болады, – деп хабарлаған жарыс ұйымдастырушылары қала тұрғындары мен қонақтарын осы бір ерекше іс-шараға қатысуға және автошабандоздарға қолдау көрсетуге шақырады.

Аталмыш іс-шара 24 тамыз, сенбі күні сағат 15:00-де Назарбаев даңғылы, 68 мекенжайындағы Достық үйінің жанында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив