Өскемен – Шемонаиха – Ресей тас жолы жөнделіп жатыр
Фото: depositphotos.com
Өскемен – Шемонаиха – Ресей тас жолын жөндеу басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық трассаның тозығы жеткен. Көлік жүргізушілері талай жылдан бері тозған жолмен титықтап жүр.
Күре жолмен күніне жүздеген жүк көлігі өтеді. Апат та жиі тіркеледі.
Биыл 30 шақырымға асфальт төселеді. «Қазавтожол» мекемесі өкілдерінің айтуынша, қалған бөлігіндегі жұмыс келесі жылға жоспарланған.
– Биыл Предгорный ауылынан Первомайка елдімекеніне дейінгі 30 км жолды қалыпқа келтіреміз. Материалдардың төзімділігіне қатты назар аударып отырмыз. Сондықтан орташа емес, күрделі жөндеуден өткендей сапалы болады, – дейді «Қазавтожол» ҰҚ ШҚО филиалының бөлім басшысы Шыңғыс Зайытов.
Оқи отырыңыз